Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаме мен оның отандастарын Руанда Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатында Руанда Республикасы Қазақстанның Африкадағы сенімді серіктесі саналатынын атап өтті. Сонымен қатар екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Поль Кагаменің жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Руанда халқына құт-береке тіледі.