National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

2016 жылғы 14 қыркүйек

Сапар аясында Елбасы Шортанды ауданының ауыл шаруашылығы алқабында болып, онда «Жәкен-1» ЖШС механизаторларымен кездесті және жиын-терін науқанының барысымен танысты. Қазақстан Президентіне кәсіпорынның негізгі жұмыс бағыттары мен өңірдегі аграрлық секторды қолдау шаралары туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев өңірде өсетін ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады, онда жергілікті жағдайға бейімделген бидайдың жаңа түрі таныстырылды.

Мемлекет басшысы жиналғандарға арнаған сөзінде республиканың агроөнеркәсіп кешенінің өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы университеттері базасында ғылыми-зерттеу институттарын құру қажеттігін атап өтті.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесті, олар астық жинау барысы, мал шаруашылығы саласының даму қарқыны туралы айтып берді.

Әңгімелесу кезінде астық жинау науқанын табысты өткізу облыс шаруаларының алдында тұрған ең алдыңғы кезектегі міндеттің бірі болып саналатыны атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қытайға және Өзбекстанға таяудағы сапарлары аясында Қазақстан астығын, майлы дақылдар мен ет өнімін экспорттауға қатысты бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілгеніне айрықша назар аударды.

Мемлекет басшысына шаруалар елдің ауыл шаруашылығы саласына ұдайы көңіл бөліп, қолдау көрсетіп отырғаны үшін алғыс айтты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің