National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Жұмыс сапарлары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келді

2012 жылғы 15 тамыз

 

Сапар барысында Қазақстан Президенті өңірдің активімен жиналыс өткізіп, облыстық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Атырау облысының жаңа әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовті таныстырды.

- Атырау облысының бюджеті тек соңғы 10 жыл ішінде 4 есе өсті және биыл 174 миллиард теңгеге жетті. Өңірде өмірдің жайлылық деңгейін көтеру, коммуналдық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды жаңарту жөнінде кең көлемді жұмыстар жүргізілуде. Бүгінде облыстың барлық елді мекендері газбен қамтылған, таза ауыз суға қолы жеткен тұрғындар үлесі 2 есе ұлғайды. Соңғы 5 жыл ішінде 2,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұның бәрі – өңірді бұдан әрі дамытуға үлкен мүмкіндік беретін ауқымды жұмыстар, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев қарапайым адамдардың әлеуметтік ахуалы үшін де көп іс атқарылып жатқанына назар аударды. Мысалы, 10 жыл ішінде 25 жаңа мектеп салынды және 28 білім беру нысаны жаңартылды. Балаларды мектепке дейінгі оқумен қамту 83 процентке жетті. 6 емхана, 5 туберкулез диспансері, 1 перзентхана салынды, барлық аудандық ауруханалар түбегейлі жөндеуден өткізілді.

- Нәтижесінде облыс тұрғындарының өмір сүру сапасы айтарлықтай артты. Он жыл ішінде орташа айлық кесімді жалақы 4 есе өсті. Күнкөрістің төменгі шегінен аз кірісі бар тұрғындар үлесі 10 есе азайды, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы өңірде кейбір кемшіліктер бар екенін және алда облыстың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту жөнінде ауқымды жұмыстар тұрғанына тоқталды.

Кездесу барысында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев Мемлекет басшысына сенім көрсеткені үшін алғысын айтып, өңірдің жаңа басшысына табыстар тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы кездесудің қорытындысы бойынша өңірді одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту және облыс халқының әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.     

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің