National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Мемлекет басшысы Томотерапия және ядролық медицина орталығына барды

2018 жылғы 29 тамыз

Елбасы Томотерапия және ядролық медицина орталығының жаңа ғимаратын аралап көріп, әр пациенттің жекелеген қажеттіліктеріне сай онкологиялық ауруларды нақты әрі жоғары сапалы сәуле беру арқылы емдеуге мүмкіндік беретін «TomoTherapyHI-HD» құрылғысының жұмысымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев медициналық мекеменің қызметкерлерімен әңгімелесу кезінде онкологиялық ауруларға диагностика жасап, оларды емдеу барысында заманауи ғылыми әдістерді қолданудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне медициналық құрал-жабдықтар мен препараттар шығаратын жаңа кәсіпорынның қызметі жөнінде мәлімделді.

***

Томотерапия және ядролық медицина орталығының арнаулы құрылғылары халықаралық стандарттарға сәйкес емдеу үдерісі мен сапасын оңтайландыруға және жетілдіруге, сондай-ақ алдағы уақытта өзге елдердегі онкологиялық ауруға шалдыққан пациенттерге медициналық көмек көрсетуге зор мүмкіндік береді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Ж.Х. Мәдиевті тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің