National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Астана, Қазақстан

Қазақстан Президенті Израиль мемлекетінің елшілігінде болды

2016 жылғы 30 қыркүйек

Мемлекет басшысы елшілікте Израильдің бұрынғы Президенті Шимон Перестің рухына арнап гүл шоғын қойып, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға байланысты Израиль халқына барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан көңіл айтты.

– Бізді байырғы достық қарым-қатынастар байланыстырды. Шимон Перес өз өмірін халқына қалтқысыз қызмет етуге арнаған көрнекті тұлға еді. Ол шын мәнінде ұлы президент бола білді, оның есімі Израиль халқының жадында әрдайым сақталады. Ол әлемдік ауқымдағы көшбасшы болды. Таяу Шығыстағы қақтығыстарды реттеу ісіндегі Ш.Перестің үлесіне баға жетпейді. Оның бейбітшілікке қол жеткізуге және сақтап қалуға бағытталған қызметін әлемдік қоғамдастық жоғары бағалады. Елдеріміздің екіжақты қарым-қатынасын дамыту үшін де ол көп нәрсе тындырды, – деді Елбасы.

Соңында Қазақстан Президенті Израиль халқына амандық пен бақ-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің