National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қазіргі дамуының өзекті мәселелері жөнінде кеңес өткізді

2013 жылғы 16 қаңтар

Кеңеске Премьер-Министр Серік Ахметов, Президент Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов және «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев қатысты.

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастыру мәселесі, өңірлерді дамыту, соның ішінде ауа-райының қолайсыздығынан зардап шеккен облыстардағы жағдайды тұрақтандыру жөнінде қабылданатын шаралар талқыланды.

- ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге қазірден бастап дайындалу қажет. Мемлекеттік компания құрып, оның басшысын бекіту керек. Биыл біз жобалаудың барлық мәселесін аяқтап, құрылыс жұмыстарын бастауға тиіспіз. ЭКСПО-2017 көрмесін үшінші индустрияландыру революциясына өту орталығына айналдыру маңызды. Ол баламалы экономика, тиісті жоғары технологиялық материалдар жасау, жаңартылған энергия көздерін құру, мамандар даярлау және өзге мәселелерді қамтиды, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы бүгінде елімізде өңірлерді дамыту мәселесіне де ерекше мән беріліп отырғанын атап өтті.

- Қазір біз өңірлік билік органдарының өкілеттігін аттырудамыз – басқару жөнінде барлық жұмыс тікелей өңірлерге өтеді, сондықтан бізге облыстарды дамыту мәселелерімен одан әрі айналысу қажет. Осыған байланысты өңірлік даму министрлігін құру жөніндегі Үкіметтің ұсынысын қолдаймыз, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті қыстың қарлы болуына байланысты көктемгі су тасқынының алдын алуға дайындық жұмыстарын жүргізу және табиғи апаттар салдарларына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдай отырып, барлық бөгеттер мен тоғандарға алдын ала тексеріс жүргізу қажеттігіне тоқталды.

Кеңес қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы еліміздің одан әрі тиімді дамуын қамтамасыз ету жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.       


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің