National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдады

2012 жылғы 15 қараша

 

Кездесу барысында Ә.Смайылов Агенттік қызметінің нәтижелері мен статистикалық әдістемені жетілдіру, ақпараттық жүйені әзірлеу мен дамыту және статистикалық мәліметтерді пайдалануды қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі алдағы жұмыстардың келешегі туралы баяндады.

Сонымен қатар, Агенттік төрағасы статистикалық ақпартты жинау мен өңдеуде автоматтандыру үдерісіне бағытталған, «е-Статистика» интеграцияланған ақпараттық жүйесінің қағидаттары мен БҰҰ-ның ұсынымдарына негізделген, ресми статистиканың нормалары мен стандарттары бекітілген «Мемлекеттік статистика туралы» жаңа Заңның қабылдануы туралы хабардар етті.

- Бүгінде статистикалық мәліметтерге сәйкес, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 70 жылға жақындап, 69,6 жасқа жетті, соның ішінде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 74 жастан асты. Осының бәрі - ел азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тиімді мемлекеттік саясаттың нәтижесі және денсаулық сақтау саласының қарқынды дамуының көрсеткіші, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті халықаралық әдістер мен тәжірибеге сәйкес қажетті, дер кезіндегі және сенімді мәліметтерді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ұлттық статистикалық жүйесінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға назар аударды.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша Агенттіктің ақпараттық жүйесін өзге мемлекеттік органдардың жүйесімен интеграциялау, сондай-ақ статистикалық қызметке халықаралық стандарттарды енгізу жөнінде нақты тапсырмалар берді.             


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің