National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Рамиль Гасановты қабылдады

2015 жылғы 10 қыркүйек

 

Кездесу барысында Р.Гасанов Қазақстан Президентіне ұйымның қазіргі қызметі мен ертеңге жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бесінші саммитіне дайындық туралы баяндады.

Мемлекет басшысы алдағы саммиттің Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Қазақстан Президенті ынтымақ, сондай-ақ жүзеге асырылатын жобаларға жан-жақты қолдау көрсету түркітілдес мемлекеттер алдына қойылған міндеттерді табысты іске асырудың кепілі екенін айтты.

Р.Гасанов Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, бұл мереке бүкіл түркі әлеміне ортақ екенін айтты. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

2026 жылғы 15 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымованы қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің