Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі
Мейіржан Нұрбекұлы Байғонысов

1990 жылғы 24 мамырда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
2008 жылы Қазтұтыну одағының Павлодар экономикалық колледжін бітірген.
2013 жылы Бейжің қаласындағы Халықаралық экономика және бизнес университетін «Халықаралық саясат және экономикалық дипломатия» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2016 жылы Астана университетін аяқтаған.
Еңбек жолын 2014 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы болып бастаған.
2014 – 2016 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігі Консулдық қызмет департаментінің маманы, ТМД департаменті Орталық Азия және Кавказ елдері басқармасының атташесі;
2016 – 2017 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының референті;
2017 – 2019 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат және халықаралық байланыс бөлімінің сарапшысы;
2019 – 2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығының консультанты, инспекторы;
2022-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары;
2023-2025 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрі кеңсесінің басшысы;
2025 – 2026 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Инвестициялар және сауда бөлімі меңгерушісінің орынбасары.
2026 жылғы 1 сәуірде Мемлекет басшысының өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігі Инвестициялар және сауда бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.