National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Г.Н.Әбдіқалықова Варшавада өткен Жаhандық Әйелдер саммитінің жабылу салтанатында сөз сөйледі

 

Мемлекеттік хатшы 2017 жылы Астанада «Болашақтың энергиясы» тақырыбы бойынша мамандандырылған ЭКСПО көрмесі өтетінін айтты. Көрмеде Жаhандық Әйелдер саммиті аясындағы Әйелдер форумын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Г.Әбдіқалықова саммитке қатысушыларды осы Әйелдер форумына қатысуға шақырды. Мемлекеттік хатшы бүкіл әлемнің барлық көшбасшы әйелдерін ЭКСПО-2017 көрмесінде жасыл экономика саласындағы инновациялық ойлар мен үздік технологияларды талқылауға атсалысуға үндеді.

Саммит шеңберінде Г.Әбдіқалықова Польша Республикасының ресми өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді. Мәселен, Польша Сенатының вице-спикері М.Коцпен кездесу барысында Қазақстан және Польша парламенттері қос палаталарының өзара ынтымақтастық топтары әріптестігі парламентаралық өзара іс-қимылға жаңа серпін беретініне назар аударылды.

Мемлекеттік хатшы Польша Республикасы Президенті кеңсесінің басшысы М.Садурскаямен кездесуде халықаралық стандарттарға сәйкес еліміз Қазақстанда тұратын барлық ұлттық топтардың құқықтары толықтай сақталуын және мүдделерін ескеретінін айтты. Бүгінде республикамызда ұлттық және мәдени жаңғыру мәселесімен айналысатын поляктардың 13 этномәдени бірлестігі жұмыс істейді.

Сондай-ақ саммит аясында Г.Әбдіқалықова Польша Республикасының Отбасы, еңбек және әлеуметтік саясат жөніндегі министрі Э.Рафальскаямен кездесті. Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы жаңа Еңбек кодексінде жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек қатынастары саласына мемлекеттің араласуының шегі айқындалғанына, жұмысшыларға берілетін кепілдіктер мен олардың өтемақыларының ең төменгі еңбек стандарттары бекітілгеніне және  жұмыс беруші тарапынан оның орындалуын бақылау қамтамасыз етілгеніне назар аударды.

Саммит барысында Мемлекеттік хатшы саммитке қатысу үшін келген делегациялар басшыларымен – Вьетнамның вице-президенті Д.Тхиньмен, Германияның Отбасы, қарт адамдар, әйелдер және жастар жөніндегі Федералдық министрлігінің парламенттік мемлекеттік хатшысы Э.Фернермен, Малайзияның Әйелдер, отбасы және қоғамдық даму жөніндегі министрі Р.Кариммен бірқатар кездесу өткізді. Кездесулерде әйелдердің экономикалық тұрғыдан ілгерлеуінің, елдер арасындағы халықаралық бастамалар мен инвестициялық өзара іс-қимылға бірлесе қолдау көрсетудің өзекті мәселелері талқыланды.

 Саммит соңында Г.Әбдіқалықова «Әйелдердің жаhандық көшбасшылығының марапаттары» атты Гала кешкі асқа қатысты.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару