Жаңалықтар

21 қараша 2012
Францияға жұмыс сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Альстом" компаниялар тобының президенті Патрик Кронмен кездесті

Кездесу барысында тараптар "Альстом" компаниясының Қазақстандағы қызметінің келешегін талқылады.

Кездесу барысында тараптар "Альстом" компаниясының Қазақстандағы қызметінің келешегін талқылады. Компанияның кешенді көлік жүйесін тасымалдау және темір жол көлігі саласындағы жобаларға, атап айтқанда жол бұрушы қозғалтшықтар бірлескен өндірісі, локомотивтерге техникалық қызмет көрсету және темір жол қызметкерлерін оқытуға қатысу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, Н.Назарбаев пен П.Крон бірлескен электровоз өндірісінің келешегін және таяу болашақта Астанада құрастыратын зауыт ашу мәселесін қарастырды. Бұл жобаны іске асыру келешекте сыртқы нарыққа шығу үшін Қазақстанның ішкі нарығын қамтамасыз етуге бағытталған.     

"Альстом" - франциялық ірі машина жасау компаниясы, энергетикалық жабдықтар мен темір жол көлігі өндірісіндегі әлемдік көшбасшылардың бірі. Әлемнің 70-тен астам елінде өз жұмысын жүргізеді.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар