Жаңалықтар

19 қыркүйек 2016
Елбасы Жастарға қызмет көрсету орталығында болды
Талдықорған қаласы

Қазақстан Президенті орталықтың жұмысымен, өңірдегі жастар саясатының негізгі бағыттарымен және басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысымен танысты.

Орталық жастар өмірінің кең ауқымды мәселелерін қамтиды, соның ішінде тұрмысы нашар және көп балалы отбасылар балаларына көмек көрсетеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы көп функционалды залды аралап көріп, онда Талдықорған мен Нұркент қалалары дамуының бас жоспарларымен, сондай-ақ Жаркент-Қорғас агломерациясының қала құрылысы тұрғысынан дамуының кешенді жобасымен танысты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа нысандарда болу
Өзге іс-шараларға қатысу