Жаңалықтар

23 қараша 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына "Семей машина жасау зауыты" АҚ ұжымынан хат келді

 

Хатта Қазақстан 20 жыл бойғы табысты дамуында заманауи нарықтық экономикалы, берік демократияға қадам басқан және халықаралық беделі жоғары мемлекетке айналғаны атап өтілген.

Авторлар машина жасау саласының қызметкерлері Мемлекет басшысының қамқорлығы мен назарын әрдайым сезінетінін жазады. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның индустриалды-инновациялық дамуы жөніндегі бастамасының арқасында кәсіпорын өндірісін жаңғырту жұмысы басталды. Бұл ҚР Қорғаныс министрлігі мен ұлттық компаниялардың тапсырыс беруін ұлғайтуға, зауыт жұмысшыларының еңбекақысын арттыруға мүмкіндік туғызды.

«Семей машина жасау зауыты» АҚ ұжымы біздің стратегиялық мақсатымыз бойынша жетістікке жету жолында топтаса отырып, Сізбен бірге тәуелсіз, өркендеген және тұрақты Қазақстан құратынымызға Сізді сендіреді» делінген хатта.      


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар
Барлық баспасөз мәслихаттары мен ақпараттық хабарлар