Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 қыркүйек 2012
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады

 

Облыс әкімі Мемлекет басшысына Шымкент қаласындағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы туралы және қала тұрғындарының санын 1 миллион адамға дейін жеткізу жөніндегі оның тапсырмаларын іске асыру барысы жөнінде баяндады. А.Мырзахметов сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық негізгі көрсеткіштері жайлы және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы мәлімдеді.

Сонымен қатар, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске қосыла бастағаннан бері облыста 31 жоба жүзеге асырылды. Биыл Индустрияландыру картасына 29 жоба енгізілді, оның ішінде 7 жоба биылғы бірінші жартыжылдықта іске қосылды, қалғаны жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында 150-ден астам жобаға қолдау көрсетілуде.

Мемлекет басшысы кездесудің қорытындысы бойынша мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі тиімді іске асыру және облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.      


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар