Жаңалықтар

2 қазан 2012
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Eni" компаниясының Бас атқарушы директоры Паоло Скарониді қабылдады

Кездесу барысында мұнайгаз саласындағы, атап айтқанда, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игерудегі ынтымақтастық мәселесі қаралды.

Кездесу барысында мұнайгаз саласындағы, атап айтқанда, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарын игерудегі ынтымақтастық мәселесі қаралды.

Мемлекет басшысын 2009 жылы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «Eni» компаниясы арасында қол қойылған, Қазақстан Республикасының өнеркәсіп инфрақұрылымы нысандарындағы инвестицияны жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық пен өзара түсіністік туралы келісімді іске асыру жөнінде хабардар етті. Мемлекет басшысы Каспийдегі кеме жөндеу зауытының және Батыс Қазақстан облысындағы газ турбинасы электр стансасының құрылыстары жөніндегі бірлескен жобамен таныс болды.

«Eni» - әлемдегі біріктірілген ірі компанияның бірі. Қызмет саласы – мұнайгаз өнеркәсібі, электр энергиясы мен мұнайхимия өнімдерінің өндірісі, кәсіпшілік қызмет көрсету және жобалау.     


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де кездесулер мен қабылдаулар
Барлық кездесулер мен қабылдаулар