National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Мемлекеттік кеңесші


Ерлан Қарин Сарапшылар форумына қатысты

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның саяси жаңғыруы: бағыт және бағдар» атты Сарапшылар форумына қатысты. Сондай-ақ Форум жұмысына белгілі саясаттанушылар мен әлеуметтік ғылым бағытындағы сарапшылар, академиялық қоғамдастық өкілдері, университет оқытушылары атсалысты.

Ерлан Қарин қазіргі сайлаудың логикасы биылғы республикалық референдумда қабылданған Конституциялық реформадан туындайтынын айтты.

 Мемлекеттік кеңесші бүгінгі саяси ахуалға тоқталып,  алдағы сайлау науқандары қолға алған реформаларды іске қосудың және барлық негізгі саяси институттарды қайта жаңғыртудың тетігі екенін ерекше атап өтті.

Ерлан Қариннің пікірінше, саяси реформаларды іске асыру арқылы мемлекеттік институттар арасындағы қарым-қатынастың жаңа принциптері қалыптасады. Сонымен қатар билік тармақтарының оңтайлы теңгерімі жасалады. Нәтижесінде билік институттарының «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласы бойынша тұрақты жүйесі құрылады.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 26 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

2024 жылғы 06 мамыр

Президент мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты

Жарлық

2024 жылғы 06 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы