Бөлімдер санаты
Сөйлеген сөздер
Оқиғалар күнтізбесі
ДсСсСрБсЖмСнЖс
 
 
 
 
 
 
1
2345678
9101112131415
16171819202122
23
242526272829
30
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар

Сөйлеген сөздер

31 мамыр 2012
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарына ескерткіш" монументінің ашылуында сөйлеген сөзі. 31.05.2012ж.

Ардақты ағайын!

Қадірлі қазақстандықтар!

Кешеден бері Астана әлем жұртшылығының назарында. Дәл осы күндері қазақ елі тағы да өзіне тән тарихи миссиясын атқару үстінде.

Осымен төртінші мәрте дүние жүзі  дәстүрлі діндерінің көшбасшылары екі күн бойы қазақ топырағында бас қосуда.

Олар адамзат болашағының аса көкейкесті проблемаларына арналған құрылтайға жиналды.

Осылайша Астана әлемде бірлік пен татулықтың артуына, тұрақтылықтың орнығуына ұйытқы болып келеді.

Енді, мінеки, сол әлемдік алқалы басқосумен қатар, тарихымызды түгендеп, тағы бір үлкен шара, ата-баба рухына ескерткіш ашудың рәсіміне келіп тұрмыз.

Бүгін бұл жерде өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы алапат ашаршылық құрбандарының рухына тағзым ретінде ескерткіш бой көтерді.

Кеңес Одағы аумағында 1932-1933-жылдары болған ашаршылық адамзат тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі.  Сол кезде Қазақстанды ғана емес Ресей, Украина, Беларусь жерлерін қамтыған алапат ашаршылық 7 миллион адамның өмірін жалмады.  Қазақ – сондағы жасанды зауалдан ең қатты зардап шеккен халықтардың бірі. Тек 1932-1933-жылдары ең кемі бір жарым миллион қазақ аштықтан ажал құшты. Бұны әлі де зерттеу керек, әрине. Аман қалған қандастарымыздың тағы 600 мыңнан астамы жан сауғалап, шет мемлекеттерге босып кетті.

Сол жылдары нәубетке шарпылмаған, аштық тауқыметін тартпаған қазақ қалған жоқ.

Мұның барлығы сол кездегі кеңестік биліктің тоталитарлық саясатымен қолдан жасалды.

Ашаршылықтың алдындағы тәркілеу және ұжымдастыру науқандары талай дәуірден бері қапысыз қалыптасқан көшпелі қазақтың шаруашылығын шайқап, тіршілік қалыбын бұзды.

Соның салдарынан қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына 1970-жылдары әрең қол жеткізді. Біздің тарихқа жіті көзбен қарап, өткенді ұмытпауымыз осындай  нәубеттердің қайталанбауы үшін қажет. Халықтың қасіретті сәттері  әрдайым елдің жадында болуы тиіс. Бұл ретте тұтас ұлтты жойып жібере жаздаған ашаршылық ешқашан ұмытылмақ емес.

Сондықтан да, біз Астананың қақ төрінде «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» орнатып отырмыз. Бұл біріншіден, ашаршылықта құрбан болған миллиондардың рухына бүгінгі буыннан тағзым. Екіншіден, келер ұрпақ ата-бабаларының қандай қасіреттерді бастан өткергенін біліп жүруіне қажет тағылым.

Біз айтамыз Ұлы Отан соғысы кезінде, Ақтабан шұбырынды кезінде де қаншама адам қырылды деп, бірақ мынандай нәубетті қазақ ешқашан басынан кешірген жоқ. Санақ бойынша, халқымыздың жартысына жуығы, соның ішінде бүлдіршін балалар ең бірінші болып құрбан болды. Егер олай болмаған кезде халқымыздың саны қанша бола еді, өздеріңіз ойлай беріңіздер.

Уважаемые казахстанцы, дорогие гости!

В эти дни в Астане проходит Четвертый Съезд лидеров мировых и традиционных религий. Ещё девять лет назад, во время проведения первого Съезда, Казахстан был назван землёй мира и согласия. Одной из основ этого согласия является наше единодушие в восприятии вечных ценностей добра, мира и справедливости.

Так же единодушно мы отвергаем зло, насилие и жестокость в нашем прошлом.

Сегодня, в День памяти жертв политических репрессий и голода, мы вспоминаем две трагические даты. В этом году исполняется 80 лет с момента начала массового голода на нашей земле. И 75 лет с начала политических репрессий.

Голод прошел не только в Казахстане, но и России, Украине, Беларуси. Всего погибло 7 миллионов человек. Из них 1,5 миллиона пришлось на Казахстан.  Мы собрались, чтобы увековечить народную память и открыть монумент «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш». Большевистская коллективизация оказалась жестоким экспериментом. Она разрушила вековой уклад жизни аула. Были подорваны устои  тысячелетней кочевой цивилизации на нашей земле. Всё это привело к страданиям миллионов людей. Голод и его ужасные последствия стали крупнейшей гуманитарной катастрофой советского периода. Огромные жертвы понёс наш народ. От голода погибло свыше полутора миллионов человек. Более шестисот тысяч казахов, спасаясь от голода и репрессий, откочевали за пределы исторической Родины. Это непреходящая, незабываемая боль нашего народа. В сердцах казахстанцев, в народной памяти она останется навечно.

Дорогие казахстанцы!

В осмыслении истории мы должны быть мудрыми, и не допускать политизации этой темы. Причиной голода, депортаций и массовой гибели людей стала жестокая политика советского режима. Главный виновник репрессий – это бесчеловечная тоталитарная система. В то же время, мы должны помнить и о другой стороне нашей общей истории. Несмотря на все трудности, благодаря гостеприимству казахского народа все депортированные обрели в Казахстане новую жизнь. Их потомки сегодня – наши сограждане. Вместе мы строим сильный, независимый Казахстан по пути мира и созидания! И 20 лет успешного независимого развития говорят сами за себя.

Но сегодня в мире продолжается экономический кризис. Он перерастает в кризис социальных ценностей. Во многих странах идут массовые сокращения работников. Урезаются зарплаты и пенсии, закрываются предприятия. Растёт дефицит продовольствия, повышаются цены на другие товары.

Вопреки всему этому, Казахстан развивается устойчиво и последовательно. Мы преодолели эти кризисы. Мы реализуем программу индустриального развития. Практически каждое полугодие в стране открываются десятки новых предприятий. За 2 года  создано около 100 тысяч новых рабочих мест. По Карте индустриализации до 2015 года будет введено более 350-ти инновационных объектов в обрабатывающей промышленности, агропроизводстве, инфраструктуре. В ближайшие годы у нас будут построены тысячи километров новых железных дорог и современных автомагистралей. В рамках Программы «Занятость -2020» мы обеспечим достойной работой полтора миллиона казахстанцев. Мы проводим социальную модернизацию, повышаем народное благосостояние.

Наша главная цель – благополучие всех казахстанцев. Основой для всех наших достижений является мир и стабильность. Это главное условие наших успехов в будущем!

Стабильность, мир, единство – это надежные гарантии процветания и богатства страны, достатка каждой казахстанской семьи. И мы должны их сберечь. Это надо помнить и передать в назидание потомкам.

Біз болашаққа бет бұрған халықпыз, Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын өткен жылы ғана атап өттік. Кеңес үкіметі билікке келген алғашқы кезде Қазақстаннан көшіп кеткен халық көп болды. Сол кезде халқымыздың саны 4 миллионға дейін азайып кетті. Осы жылдар ішінде нәубет салдарынан және басқа жағдаймен кеткен 1 миллион қандасымызды елімізге қайтардық. Бүгінде халқымыздың әл-ауқаты жақсарып, бала туу деңгейі өсіп, халық саны жылдан-жылға өсіп келе жатыр.

Денсаулық сақтау мәселесіне көңіл бөлінгелі бері бала туу жасындағы аналар өлімі күрт азайды. Жас сәбилердің шетінеуі азайып келеді. Адамның өмір сүру жасы ұзарды. Тек соңғыі 4 жылдың ішінде қазақ халқының жалпы өмір сүру жасы 65-тен 70 жасқа жақындады. Бұл үлкен табыс болып саналады. Біртіндеп 1,5 - 2 процентке өсіп келе жатыр. Қазірдің өзінде 17 миллионға жақын халқымыз бар.

Менің алға қойған мақсатым – жуық арада халық санын 20 миллионға жеткізу – ол қол жеткізуге болатын жағдай.

Алдымызда әлі де істейтін шаруамыз көп. Өткенге тағзым етіп, бабаларымызды еске алып отыруымыз керек.

Елдің бірлігі, татулығы сақталып, көп ұлтты халқымыз бір-бірімен түсінісуі керек.  Қазақ жерінде өтіп жатқан ауқымды іс-шаралар дүние жүзіне белгілі. Өздеріңіз білесіздер, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ең үлкен жиыны да осы жерде өтті. Міне, енді Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төртінші съезін өткізіп жатырмыз.

Мұның барлығы елімізді бүкіл дүние жүзі білсін деп жатырмыз. Сонымен қатар, бұл - бейбітшілік, татулық, ядролық қаруға қарсы бастама, маңызды іс-шаралардың барлығы қазақтың жерінен шығып жатыр деп істеп жатқан үлкен-үлкен істеріміз.

Сондықтан өткенге тағзым етіп, бабаларымызды еске алып, екі білегімізді сыбанып, алға қадам басып. жастарымызды тәрбиелеп, еңбекқор, елді сүйетін, жерді сүйетін патриот халық болып өсе берейік. Аман-сау болыңыздар, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

Астана, 2012 жылғы 31 мамыр.


Барлық сөйлеген сөздер
 
Басқа сөйлеген сөздер мен үндеулер
Барлық сөйлеген сөздер мен үндеулер