Сөйлеген сөздер мәтіндері

31 мамыр 2016
ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың 31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өткізілген іс-шарада сөйлеген сөзі

 

Қымбатты қауым!

Ардақты ағайын!

Бүгін біз Ақмол елдімекенінде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай өткізіліп отырған шараға жиналып отырмыз. 

Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» тақсыретті кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат.

Өткеннің өкінішті кезеңдерін еске алсақ, 1925 жылы елімізді басқаруға келген Филипп Голощекин Қазақстанды «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Соның салдарынан ұлт  зиялылары  жаппай қуғындауға ұшырады. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды Қазақ елінен қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.

«Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын» деген ұжымдастыру ұранымен науқанға кіріскен белсенділер республикадағы 40 миллионнан астам мал басының қырылуына әкеп соқтырды. Халық жаппай ашаршылыққа ұшырады. Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қайтыс болды. Қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына, араға жарты ғасырға жуық уақыт салып әзер жеткені - бұл зұлматтың қаншалықты қасыретті болғанын көрсетуде.

Тәуелсіздік жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тарих өткеннің сабағы. Біз өткенімізге қарап, ертеңімізді түзеуіміз керек» деген сындарлы сөзі тарихи сананы жаңғыртуға, ұлттық рухтың өрлеуіне жол ашты. Егемендіктің ширек ғасырында ел тарихының көмескі беттері қайта ашылып, мемлекетіміздің соңғы жүзжылдықта жүріп сүрлеуіне жаңаша баға берілуде.  

Кеңестік тоталитаризмнің зұлым саясаты мен зұлмат әрекеті ешбір елді таңдап, ешбір адамды талғаған жоқ. 1920-1950 жылдары Кеңестер Одағында миллиондаған адам саяси қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақтың қаншама қабырғалы тұлғалары сол солақай саясаттың құрбандарына айналды.

Қанды қасап кезеңде қазақ жеріне тұтас халықтар жер аударылды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанға миллиондаған адам күшпен көшіріліп әкелінді.

Олардың қатарында корейлер, финдер, немістер, поляктар, күрдтер мен қарашайлар, месхеттік түріктер, кавказдықтар және басқа да көптеген ұлыстар бар. 

Үздіксіз жалғасқан саяси науқандар мен қуғын-сүргіннен есін жия алмай жатқанына қарамастан, қазақ халқы, тағдырдың тәлкегіне түскен барша ұлыстарды бауырына басты. Кеңестік биліктің пәрменімен қазақ жеріне қоныс аударған сол этностар өкілдерінің барлығы бүгінде біздің бауырларымызға, отандастарымызға айналды.

Тар жерде табысқандардың ұрпағы – кең жерде келісіп, бүгін тағдыры бір Қазақстан халқы деген ұлы елге айналды. Бейбітшіліктің бесігі атанып, бүкіл әлемге танылды. Төрт тарапты түгел мойындатып, өсіп-өркендеу жолына түсті. 

1997 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен 31-мамыр саяси репрессия құрбандарын еске алу күні болып белгіленді.

Біздің халық қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен  қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығарған емес.  Бұл - тарихтан тағылым алып, биік мақсат – «Мәңгілік Елге» бет алған ұлы халықтың  ұлағатты ісі.

 

Уважаемые участники митинга!

Как известно, в годы сталинских репрессий в Казахстане были созданы 11 спецлагерей: Карлаг, Степлаг, АЛЖИР и другие лагеря. В них содержалось почти 2 млн. человек, практически каждый пятый был спецпереселенцем, республика напоминала гигантский ГУЛАГ СССР.

Были депортированы целые народы – 800 тыс. немцев, 550 тыс. представителей народов Кавказа, 18,5 тыс. корейцев с Дальнего Востока. Всего в Казахстан с начала 20 века приехало 5,6 млн. человек, а казахов тогда было почти 6 млн. человек.

С 1921 по 1954 годы было осуждено более 3,7 млн. человек, расстреляно свыше 640 тыс. По политическим мотивам осуждено более 103 тыс. человек, 25 тыс. приговорены к высшей мере наказания, в том числе почти все руководство республики – 650 человек. Расстрелян весь цвет казахской интеллигенции – Сакен Сейфуллин, Ильяс Джансугуров, Беимбет Майлин, руководители Совнаркома,  секретари обкомов партии, председатели облисполкомов и многие-многие другие.

На XXII сессии Ассамблеи народа Казахстана Глава государства сказал: «Мы выстояли, помогли всем невинным жертвам сталинизма, добились своей независимости мирным путем, объединив вокруг себя все этносы и конфессии». 

Сегодня мы собрались в поселке Акмол, бывшей «26-й точке», где с 1937 по 1953 годы находился 17-й исправительно-трудовой лагерь «Р-17» или «Акмолинский лагерь жен изменников Родины». Здесь когда-то содержались известные узницы – жены видных деятелей казахского народа Турара Рыскулова, Ныгмета Нурмакова, Санжара Асфендиарова, сестра маршала Михаила Тухачевского, жена и дочь Авеля Енукидзе и многие-многие другие. Наш священный долг - почтить память жертв политических репрессий, отдать дань уважения тем, кто в самые тяжкие годы не смирился с террором и злом.

Казахский народ, когда-то сам стоявший перед угрозой полного исчезновения, сделал неимоверное во имя спасения жизней других этносов. Сегодня благодаря согласию, единству и созиданию, которые являются незыблемой основой нашего общенационального единства, мы поступательно развиваемся и  движемся вперед, к новым целям.

 

Қадірлі қауым!

Қадамын анық басып, «Мәңгілік Елдің» іргесін қалаған Қазақстанның болашағы баянды болатыны сөзсіз. Еліміз шырқау биікке бет түзеген сайын өткеннен сабақ алып, тарихтың тақсыретті беттерін ешқашан ұмытпайтын боламыз.

Тарихи жадымызда жатталған сол замандағы қиын кезеңдердің табы біздің бірлігімізді одан әрі бекемдеп, халықтың жадында мәңгілікке сақталатын болады!

 

Астана, Ақмол елдімекені

2016 жылғы 31 мамыр


Барлық cөйлеген сөздер мәтіндері
 
Басқа cөйлеген сөздер мәтіндері
Барлық cөйлеген сөздер мәтіндері