Сөйлеген сөздер мәтіндері

27 наурыз 2017
ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың «Сахнагер – 2017» ұлттық театр сыйлығын салтанатты тапсыру шарасында сөйлеген сөзі

Құрметті театр қайраткерлері!

Құрметті өнерсүйер қауым!

Сіздерді бүгінгі Бүкіләлемдік театр күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Есігімізден жаңа ғана енген Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамынан кейін өткізіліп отырған «Сахнагер – 2017» Ұлттық театр сыйлығымен марапаттау салтанаты символикалық тұрғыда киелі өнердің жаңаруы мен жаңғыруының жарқын үлгісі деп білемін.

Мәдениет саласында сахна өнерінің рухани мәні мен маңызы ерекше екені белгілі. Ширек ғасырдан астам уақытта Қазақстан әлемдік қауымдастық алдында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағынан жан-жақты дамыған, азаматтық қоғамы қалыптасқан демократиялық мемлекет ретінде ғана емес, рухани-мәдени тұрғыда өркен жайған өркениетті ел ретінде де кеңінен танылып келеді. Осы уақыт аралығында мемлекет тарапынан жүзеге асырылған іргелі іс-шаралар, соның ішінде «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының нақты нәтижелері «Мәңгілік Елдің» тамырын тереңдетуге мүмкіндік берді. Тәуелсіздік жылдарында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұлт мәдениетінің шоқтығын биіктетіп, еліміздің театр өнеріне ұдайы қамқорлық жасап келеді.

Благодаря выверенной политике Главы государства в стране открыто много новых театров. В некоторых областных центрах зрителям распахнуты двери даже нескольких храмов культуры. Неоценимый вклад в укрепление единства казахстанского народа вносят Русский, Уйгурский, Корейский, Немецкий, Узбекский театры. Сегодня в республике успешно работают 52 театра, раскрывающих духовно-культурную сокровищницу человечества. Национальной гордостью стали созданные по поручению Президента страны  театры «Астана Опера», «Астана Балет», Казахский национальный университет искусств, Казахская национальная академия хореографии.

Жаһандық үдерістерге сәйкес, әлемдік мәдениет айдынында қазақстандық театрлар кеңінен танымал болып, көптеген халықаралық фестивальдарда лайықты бағасын алуда, шетелдік әріптестерімен шығармашылық байланыстар орнатуда. Бұл бағыттағы жұмыс ауқымын кеңейту, халықаралық театр құрылымдарымен қарым-қатынасты нығайту, дүниежүзілік сахна әлемінде салиқалы орнымызды айқындау міндеті тұр. Өткен жылы құрылған Қазақстан театрлары қауымдастығы осы үміттің үдесінен шығып, театр қызметінің шығармашылық әлеуеті мен мүмкіндіктерін әлемдік талаптарға сай көтеруде жемісті еңбек ете беруіне тілектестік білдіремін.

Құрметті театр қайраткерлері, қымбатты меймандар!

Сіздерді Бүкіләлемдік театр күнінің аясында «Сахнагер» театр алаңының құрылуымен тағы да құттықтаймын! Жаңа бастама жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, елдің рухани-мәдени өркендеуіне, сондай-ақ Елбасы айқындаған Қазақстанның Үшінші жаңғыруының асқақ мақсаттарына жетуге зор үлес қосатынына сенімдімін!


Барлық cөйлеген сөздер мәтіндері
 
Басқа cөйлеген сөздер мәтіндері
Барлық cөйлеген сөздер мәтіндері