Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

9 қыркүйек 2009
Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Астана қаласында Мемлекеттік хатшы – Қазақстанның Сыртқы істер министрі «2009 – 2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары саласындағы ұлттық іс-қимыл жоспарының» тұсаукесерінде сөз сөйледі.

Қ. Саудабаев Қазақстан ЕҚЫҰ-на төрағалық ету қарсаңында ұлттық заңнамаларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіруде үлкен жұмыс жүргізгенін атап өтті. Сайлау, саяси партиялар мен бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңдарға тиісті өзгерулер мен толықтырулар енгізілді. Енгізілген түзетулер «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасында қарастырылған, еліміз көшбасшысының нұсқауларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оның ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының 17-ші жыл сайынғы сессиясында айтылған ережелеріне сәйкес келеді. Бүгін ұсынылған құжаттың посткеңестік кеңістікте баламасы жоқ, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның үйлестіруімен әзірленді және бірқатар шет елдік елшіліктер, ЕҚЫҰ , БҰҰ, Еурокомиссия жүйесіндегі халықаралық құрылымдар тарапынан көмек көрсетілді.

Одан әрі демократияландыру процесі туралы айта келе, сыртқы ведомство басшысы «Біз демократия орнату – бұл бітпейтін процесс әрі шексіз демократия болуы мүмкін емес екенін түсінеміз. Бірақ тәуелсіздіктің алғашқы күнінен таңдап алынған, айқындалған және біржақты қозғалыс векторы, Қазақстанның қозғалыс векторы, біздің Президентіміздің векторы бар. Бұл қозғалыс анағұрлым дамыған демократияға, басшылыққа алатын заңдарымызға, бәріміздің және әрбіріміздің құқығымыз бен бостандығымызды қорғауға бастайды. Қазақстан БҰҰ конвенциясына сәйкес шеңбердегі барлық өзіне алған міндеттемелерін, өзге де халықаралық құқықтық құжаттарды ұстанады. Біздің мемлекетіміз Қазақстан қоғамының даму талаптарына сәйкес келетін ұлттық заңнаманы ырықтандыруды одан әрі жүзеге асырады, біздің шетелдік серіктестеріміздің ұсынымдарын тыңғылықты зерделейтін болады. Біздің ашықтығымыздың сапалы куәсі болатын осындай ұсынымдар арқылы біз табысты ықтымақтастықты қарастырамыз, бұл ұстаным бүгін ұсынылып отырған Ұлттық іс-қимыл жоспарын әзірлеуге және қабылдауға жол ашты» деп мәлімдеді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар