Жаңалықтар

22 қыркүйек 2009
Түстен кейін Мемлекет басшысы Арыс ауданындағы Ақдала ауылына келді.
small-03 ЮКОKp

Президент «Жаңа ақдала» агрофирмасында болып, көкөніс дақылдары алаңын және алма бағын тамшылатып суландыру технологиясымен, жаңа зауыттағы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үдерісімен танысты. 

Кәсіпорынның алаңында 2009 жылы 700 гектар алаңға қызанақ, 150 гектарға бау-бақша дақылдары, 150 гектарға өзге де көкөністер отырғызылған. Тамыз айында іске қосылған зауыт өнімділігі тәулігіне 600 тоннаны құрайды. 

Мұнда Нұрсұлтан Назарбаев облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен әңгімелесті. 

Мемлекет басшысы сапарының бірінші күні Көксарай контрреттеуішіне баруымен аяқталды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар