Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 маусым 2006
Шанхайдағы «Сицзяо» резиденциясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаомен кездесті.
206.jpg

Кездесу кезінде Қазақстан мен Қытай делегациялары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту және түрлі салалардағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

-Байырғы досыммен қайта қауышып отырғаныма және өзара мүдделестік туғызатын екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері бойынша пікір алмасатыныма өте қуаныштымын,- деді Ху Цзиньтао кездесудің ашылуында.

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасының Алматыдағы АӨСШК саммитіне қатысуын жоғары бағалайтынын жеткізді.  
-Бұл бізге көрсетілген ерекше құрмет пен ықылас және біз мұны жоғары бағалаймыз,-деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар