Жаңалықтар

20 қыркүйек 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев орталық «Нұр Астана» мешітіне келіп, Қазақстан мұсылмандарын Ораза айт мерекесімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстанның барша мұсылмандарына ізгі тілектер тіледі.

- 30 күн тұтқан Оразада тілеген тілектеріңіз қабыл болсын. Сол тілектеріңізді Алла қабыл етсін. Қазақстан халқы бейбіт, тұрақты және достықта өмір сүрсін. Бұл біздің елімізге өсіп-өркендеу әкеледі,- деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

Президент мешітке келіп, ораза ұстап, исламның өзге парыздарын сақтаумен шектеліп қалмау керектігіне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың атынан әлемнің барлық мұсылмандарын мерекемен құттықтады. 

- Сіздердің тілектеріңіз қабыл болсын, - деді Президент.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар