Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 қыркүйек 2009
Президент Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовты қабылдады.

 

Б. Ізмұхамбетов облыстағы әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы және «Жол картасын» жүзеге асыру барысы туралы баяндады

Бұл бағдарламаны жүзеге асыруға 5 миллиардтан астам теңге бөлінді, қаржының жартысынан астамы қазірдің өзінде игерілді. Нәтижесінде 15 мың жаңа жұмыс орны ашылды. 30 денсаулық сақтау, 96 білім беру және 36 мәдениет нысандары жөндеуден өткізілді.

- Мемлекет басшысы әлеуметтік бағдарламалар мен жол картасы нысандарының белгіленген мерзімде және мүлтіксіз орындалуына ерекше назар аударуды тапсырды, - деді Бақтықожа Ізмұхамбетов журналистермен болған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар