Жаңалықтар

8 ақпан 2012
Президент Нұрсұлтан Назарбаев БАҚ үшін қазақстан-герман көптарапты ынтымақтастығын дамытудағы табыстар мен жетістіктерге арналған баспасөз брифингін өткізді.

Соңғы уақытта екі елдің тауар айналымы айтарлықтай артты. Саяси, экономикалық, ғылым-білім салаларында екіжақты ынтымақтастықта едәуір алға жылжулар бар.

Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы сапары барысында жасалған үкіметаралық келісімдердің ерекше маңызды барын атап өтті. Сомасы бірнеше миллиард еуроны құрайтын елуге жуық комерциялық келісім-шарт жасалды. Неміс компанияларының Қазақстанда жұмыс істеуі үшін сапалы жаңа шарттар жасалды.

Сондай-ақ біздің мемлекеттеріміздің әлемдік саясаттың жаһандық жүйесінде алға қойған міндеттеріне қол жеткізуіне мүмкіндік туғызатын Берлин Еуразиялық клубы құрылды. Берлин Еуразиялық клубы екіжақты іс-қимыл мәселесін, өңірлік қауіпсіздікті, энергетикалық ынтымақтастықты, еуразиялық ықпалдастық үдерістерін талқылау үшін Қазақстанның Еуропадағы диалог алаңына айналуы қажет.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар