Жаңалықтар

25 қараша 2008
Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Финляндия Республикасының еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимо Лахелмадан сенім грамотасын қабылдады.

Кездесу барысында біздің елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


Қазақстан мен Финляндия арасындағы қарым-қатынастар қарқынды дамып отыр. Алдағы жылы Астанадан Финляндия елшілігін ашу жоспарланған. Елдеріміз арасындағы сауда айналымы артып келеді.


Елімізге экспортталған тауарлар 336 млн. еуроны құраса, Қазақстаннан импортталған тауарлар құны 308 млн еуроға жеткен.


2009 жылы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Финляндияға ресми сапары күтілуде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар