Жаңалықтар

21 сәуір 2008
Мемлекет басшысының 2008 жылғы 21 сәуірдегі №573 Жарлығымен бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесі бекітілді.

Сонымен қатар, Жарлықпен мемлекеттік жоғары оқу орындарының Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бірінші басшыларын қызметке тағайындау және қызметтен босату, сондай-ақ олардың аттестаттаудан өту ережелері бекітілген.

Жарлықтың жүзеге асуы білікті және кәсіби кадрларды таңдауды қамтамасыз ете отырып, бірыңғай және тиімді кадр саясатын жүргізуге, лауазымды адамдардың жоғары кәсіптік білім саласындағы мемлекеттік міндеттерді іске асыруға жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар