Жаңалықтар

15 қыркүйек 2005
Мемлекет басшысы «Ядролық терроризм актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияға қол қою туралы» Жарлыққа қол қойды.
26.jpg

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

Ядролық терроризм актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияға қол қою туралы

 
Мемлекеттер арасындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықаралық терроризмнің алдын алу, жолын кесу және оны жою жөніндегі шараларды іске асыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 
1. Қазақстан Республикасының атынан Ядролық терроризм актілерімен күрес туралы халықаралық конвенцияға қол қойылсын.

 
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті  

Н. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 жылғы 15 қыркүйек

№ 1646


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар