Жаңалықтар

11 қазан 2007
Мемлекет басшысы «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ-ның басқарма төрағасы Қанат Бозымбаевты қабылдады.

Холдинг басшысы Президентті «Самұрық» компаниялар тобын дамытудың үстіміздегі жылдың сегіз айындағы қорытындылары туралы, сондай-ақ жаңа жобаларды жүзеге асырудың келешегі жөнінде хабардар етті.


- «Самұрық» холдингіне қарасты компаниялар тобының табысы былтырғы жылмен салыстырғанда, орташа есеппен 10-нан 44 пайызға дейін артқан. Мәселен, «Эйр Астана» компаниясы табыстың сенімді өсімін көрсетіп отыр. Мен Мемлекет басшысына теміржол саласын одан әрі реформалау және «Қазақстан темір жолы» АҚ-ындағы менеджменттік жұмыстарды жақсарту жөніндегі жоспарларымыз туралы баяндап бердім. Сондай-ақ кездесу кезінде электр энергетикасы саласындағы жаңа жобаларды дамыту мәселесі және Қазақстан аумағы бойынша транзиттік газ құбырларын салудың келешегі егжей-тегжейлі талқыланды, - деді Қ.Бозымбаев журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар