Жаңалықтар

23 қыркүйек 2005
Мемлекет басшысы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында болып, студенттер мен оқушыларды алыс қашықтықтан оқытудың пилоттық жобасымен танысты.

  Институт әзірлеген алыс қашықтықтан оқыту жобасы тәжірибелермен және әдістемелік ұсыныстармен белсенді түрде алмасып, жаңа технологияларды үйренуге, бейнемәслихат режимінде мастер-кластар өткізуге мүмкіндік береді. Президент осы тәріздес инновациялық жобалар педагог кадрларды даярлауға оң ықпал ететінін атап өтті.

 
    - Бүгінгі таңда ұстаздар қауымы балаларға терең білім беріп қана қоймай, оларды өмір бойы оқу-ізденіске үйретуі тиіс. Өзгерістер екпініне бейімделуге үйрету керек. Сондықтан да педагог мамандығының беделін көтеру және оларға жан-жақты қолдау көрсетуді мемлекет басты назарда ұстап келеді, – деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар