Жаңалықтар

25 қазан 2006
Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысының активімен кеңес өткізді.

Онда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев 2006 жылдың тоғыз айы бойынша өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады, Денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновой ВИЧ-СПИД бойынша эпидемиологиялық ахуал туралы, облыс прокуроры Марат Ахметжанов балалардың ВИЧ-инфекциясын жұқтыруының себептерін тексеру барысы туралы, облыстық Денсаулық сақтау департаментінің директоры Вячеслав Дудник денсаулық сақтау саласындағы ахуал туралы баяндады.

 
- Өңірдегі жағдайды жөнге келтіру керек. Облыстың денсаулық сақтау саласын оңалту үшін тез арада шаралар қолдану қажет. Балалардың ВИЧ инфекциясын жұқтыру фактілері бойынша тергеу барысы ақырына дейін жеткізілуі қажет. Әрбір кінәлі адам лайықты жазасын алуға тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар