Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 қыркүйек 2009
Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысына жұмыс бабындағы сапармен келді.

Нұрсұлтан Назарбаев облыстық кардиологиялық орталықта болып, аурухананың жаңа бөлігін аралап көрді, жаңа жабдықтармен таныс болып, медицина қызметкерлерімен әңгімелесті. 

Одан кейін Мемлекет басшысы Сайрам ауданына келді. Тассай ауылында жаңа жабдықтармен жарақтандырылған, өндірістік жағынан Қазақстан мен Орталық Азияда баламасы жоқ жаңа макарон фабрикасын аралап көрді. Мұнда Президентке облыста «Жол картасын» жүзеге асыру барысы туралы мәлімделді. 

Шымкент қаласында Нұрсұлтан Назарбаев Төле би, Қазыбек би және Әйтеке би көшелерінің қиылысындағы «Ордабасы» алаңына орнатылған Тәуелсіздік монументінің ашылу рәсіміне қатысты.

Салтанатты рәсімге жиналған қала халқы алдында сөйлеген сөзінде Президент, Тәуелсіздік алуымыз – жаңа Қазақстанның орнығуының, оның жетістіктері мен табыстарының қайнар көзі екенін атап өтті. Қазақстандықтардың әрбір жаңа ұрпағы үшін бұл оқиғаның мәні тек қана арта түспек. 

- Біздің ортақ парызымыз – қазақстандықтардың жас ұрпағын Тәуелсіздікті құрметтеу сезімдеріне тәрбиелеу. Біздің Отанымыздың оңтүстік өңірінде тұрғызылған бұл тамаша монумент осы мақсатқа қызмет ететініне сенемін, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар