Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 қыркүйек 2009
Мемлекет басшысы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында орналасқан «Жібек жолы» жаңа кеден бекетінде болды.
big-01

Президентке арнайы техника, кинологиялық қызмет бөлімі таныстырылды. Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ кедендік рәсімдеу және шекаралық бақылау рәсімдерімен танысты.

«Жібек жолы» бекеті негізгі жолаушылар және көлік ағыны өтетін Қазақстан Республикасының оңтүстік шептеріндегі өзекті халықаралық өткізу пункттерінің бірі болып табылады. 

Аталған пункт «Мерседес» мәшинесі базасындағы «Рапискан Мобил» мобильдік сканерлеуші қондырғысымен, «Янтарь» радиациялық бақылау жүйесімен, «Рапискан» интраскопиялық тексеру жүйесімен жарақтанған, бұл жабдықтар кедендік бақылаудан өту уақытын қысқартуға, өткізу мүмкіндігін арттыруға көмектеседі. 

Жаңа пункт арқылы күніне 7 мыңға дейін адам және 300 автокөлік өткізу күтілуде. Оның қол жүгін, жеке тұлғаларды кедендік рәсімдеу жөніндегі арнайы жолаушылар терминалы, автокөлік құралдарын рәсімдеу жөніндегі жүк терминалы, тауарларды сақтайтын қоймасы, үздіксіз қуат көзі блоктары жүйесі, өзге бақылау органдары үшін қызметтік бөлмелері, қызмет иттері тұратын торлы орын, жылы автотұрақ, қызметкерлерге арналған демалыс бөлмелері мен спорт залы бар.

Жаңартылған «Жібек жолы» кедендік бекеті сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға және Қазақстан мен Өзбекстанның ынтымақтастығын нығайтуға жасалған тағы бір қадам болмақ.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар