Жаңалықтар

8 қыркүйек 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасуда.
01

Мемлекет басшысы Қостанай ауданындағы Затобольск кентіндегі стадионда болып, облыстың спортшыларымен кездесті. Стадион 2000 орынға арналған, жобалық құны – 442 млн. теңге. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу аймағында жүгіру жолдары, футбол алаңы, шайбалы хоккей алаңы, баскетбол мен волейбол алаңы, секіруге арналған орын бар. Ауылдық стадионда жасанды жабылатын футбол алаңы және жылытатын сұйықтық пен ойынға жарық түсіретін құрылғылар орнатылған. Әкімшілік ғимаратында спортшылар үшін киім ауыстырауға арналған орындар, төрешілер бригадасы мен баспасөз өкілдеріне арналған бөлмелер бар. Төменгі қабатында жаттығу залы бар. Алаң УЕФА-ның барлық талаптарына сай келеді және республикалық чемпионат ойындарын өткізу үшін қосымша база болып табылады.

Президент сондай-ақ Қостанай ауданындағы Заречное ауылындағы жаңа мектепте болды. 300 орынға арналған мектептің құрылысы 2011 жылы тамызда аяқталған. Жалпы жобалық-сметалық құны – 729 млн теңге. Жобаның құрамына – мектеп ғимараты, қазандық, әртүрлі мақсатқа арналған алаң, мектеп бақшасының учаскесі жатады. Екі интерактивтік тақта мен мультимедиялық, лингафон, химия, физика, биология, информатикаға арналған арнайы бөлмелер бар. Мектеп 12 сыныпқа арналып жабдықталған, 42 орынды шағын орталық және 22 орынды мектепалды дайындық сыныптары бар. Оқу мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мектеп медициналық бөлмемен қамтамасыз етілген. Мектепті аралау барысында Нұрсұлтан Назарбаев жоғары сынып оқушыларымен және педагогикалық ұжыммен кездесті. Президент мектеп директорына «Газель» шағын автобусының кілтін сыйға тапсырды.

Мемлекет басшысы Қостанай ауданындағы «Заречное» тәжірибелік шаруашылық» ЖШС-нің алаңында болды. Шаруашылық 1992 жылы құрылған. Жұмысының негізгі бағыты – дәнді дақылдың таңдаулы тұқымын өсіру. Ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жер көлемі – 34751 гектар, оның ішінде егістік жер – 15687 гектар, оның 10050 гектары астыққа арналған, 1900 гектары азықтық, 4637-сі егістік жерлер. 2010 жылы астықтың өнімділігі 12, 1 ц/гектарды құрады, жалпы алғанда 12160 тонна астық жиналды. Ірі қара малдың саны – 762 бас, оның ішінде 186 бас сиыр бар.

Президент Қостанай облысының тауар өндірушілерімен кездесті. Кездесуге облыстың ауыл шаруашылық саласының басшылары, қала, аудан, ауыл, кенттер, ауылдық округтер әкімдері қатысты.

Президент Қостанай Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарымен бірге қазақстандық кесек нанның төрттен үшін беретінін және іс жүзінде Қазақстанды қамтамасыз ететін астықтың басым көпшілігін өсіретінін атап өтті. Биылғы жылы Қостанай облысында ауыл шаруашылығы саласында 63 миллиард теңгеден астам өнім өндірілді. Егістіктің жалпы көлемі, оның ішінде майлы дақылдар 22 жарым пайызға ұлғайды. Мал басы мен құс саны артты.

- Бұл сіздердің бар ынтамен атқарған еңбектеріңіздің, инновациялық технологияны белсенді енгізудің, ауылды қолдау үшін мемлекет бөлген қаражатты тиімді пайдаланудың нәтижесі, - деп атап өтті Президент.

Президент атап өткендей, бүгінде еліміз индустрияландыру және жаңғырту жоспарына сәйкес дамып келеді. Жыл басынан бері Қазақстан экономикасы 7 пайызға артты. Өнеркәсіп өндірісі 6 пайызға өсті. Бірінші жартыжылдықта 70-тен астам жаңа өндіріс орындары ашылды. 160 мың адам жұмыспен қамтылды. Жылдың аяғына дейін еліміз бойынша тағы да 600 миллиард теңгені құрайтын 129 жоба аяқталатын болады. Индустрияландыру картасы аясында бірінші жартыжылдықта Қостанай облысында сомасы төрт миллиард теңгеге жуық 3 жоба іске асырылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін өңірде тағы да жалпы құны 20 миллиард теңгеден астам 22 жоба пайдалануға берілетін болады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар