Жаңалықтар

4 мамыр 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары жалғасуда.

02

01

Президент энергиясақтаушы жабдықтарды жеткізу мен суды тазалау жүйесіне қызмет көрсететін «Эргономика» ЖШС-де болды. Мемлекет басшысы кәсіпорында шығарылатын өндірістік жабдықтармен және өнімдермен танысты. Қазіргі уақытта «Эргономика» ЖШС «Энергиясақтау технологиясын енгізу» жобасын іске асыруда. Бұл жобаның негізгі бағыттары жылу жүйесін әзірлеу, дайындау, монтаждау және сервистік қызмет көрсету, автоматтандырылған жылу пункттері мен сорғы стансаларын, энергиясақтаушы технологияны қолдана отырып, ғимараттар мен құрылыстарды салқындату болып табылады. Жабдықтаудың пилоттық жобасы Қарағанды қаласындағы алты үйде қолданылуда.

Кәсіпорынды аралау барысында Мемлекет басшысы тұрғын үй-коммуналдық салаға байланысты бірқатар инновациялық жобалар таныстырылған көрмемен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ облыстың Қан құю орталығында болды. Орталық 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Бұл орталық донорлық қан әзірлеуді жүзеге асыруға, облыстағы емдеу-профилактикалық мекемелерді қан құрамдарымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ қанды және қан алмастырушы ағзалық элементтерінің қорын сақтауға арналған. Орталықтың ерекшелігі халықаралық стандарттарға сай жоғарытехнологиялық диагностикалық жабдықталуы, қанды, оның құрамдарын сақтау үшін терможабдықталуы болып табылады.

Президент донор таңдаудың алғашқы сатысы болып табылатын ақпараттық тіркеу жүйесімен танысты, қан әзірлеу бөлімін, плазмофереза мен плазмоцитфереза бөлмелерін, сондай-ақ қан тоқтату және жараның тез жазылуы үшін фибрин желімі дайындалатын зертхананы аралап көрді.

Мемлекет басшысы Орталықтың қызметкерлерін осынау маңызды медициналық мекеменің ашылуымен құттықтап, оларға облыс тұрғындарының игілігі үшін табысты еңбек тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар