Жаңалықтар

7 ақпан 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Германия Федеративтік Республикасына сапары басталды.

Сапар Қазақстан мен Германия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 20 жыл толуы қарсаңында өтуде.

Германия Қазақстан үшін жетекші іскерлік серіктестің және ірі инвестордың бірі болып табылады. Сапардың барысында Қазақстан Президентінің ГФР-ның Федеральдық сыртқы істер министрі Г.Вестервеллемен, ГФР-ның бұрынғы Вице-канцлері және сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншермен, Германия Федеративтік Республикасы Федеральдық Президенті Кристиан Вульфпен, Германия Федеративтік Республикасы Федеральдық Канцлері Ангела Меркельмен, ГФР-ның бұрынғы Федеральдық Президенті Хорст Кёлермен, герман Бундестагындағы Германия Социал-демократиялық партиясы фракцияларының басшылары Франк-Вальтер Штайнмайермен және Гернот Эрлермен кездесулері жоспарланған.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Берлин Еуразиялық клубының және Қазақстанның Германиядағы Елшілігінің жаңа ғимаратының ашылуына қатысады, қазақстан-герман экономикалық жобаларының таныстырылу-көрмесінде болады және екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық үдерісіне белсенді тартылған ГФР-ның жетекші экономикалық бірлестіктері, банктері мен компанияларының басшыларымен кездеседі.

Сапар барысында Қазақстан мен Германия ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге шығаруға арналған үлкен құжаттар пакеті мен келісімдерге қол қою көзделінген.             


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар