Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 қыркүйек 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің батыс өңірлеріне жұмыс сапары жалғасуда.
big-08.jpg

Елбасы облыс активімен кездесуде сөйлеген сөзінде серпінді даму жолындағы Маңғыстау облысының Қазақстан экономикасында айрықша орын алатынын атап өтті. Мұнда бірқатар ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың басынан бастап 12 миллион тонна мұнай, 2,7 миллиард кубометр газ өндірілген. Облыста «Жер-Теңіз-Аспан» инвестициялық мега-жобасы» қабылданды. Қазірдің өзінде «Ақтау-Сити» жаңа қаласының, «Маңғышлақ-Баутино» және «Ералиев-Құрық» теміржол бөлігінің құрылыстары басталып кеткен.


Президент сондай-ақ облыс басшылығының алдына осы өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту жөніндегі бірқатар нақты тапсырмалар қойды.


Мемлекет басшысы сөйлеген сөзінде өзінің Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарына жұмыс сапарларын қорытындылады. Елбасы Қазақстанның батыс өңірінің қуатты экономикалық дамуын атап өтті. Аталған өңірде ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, әлеуметтік-мәдени мақсаттағы нысандар салынуда.


Президент сондай-ақ Ресейдің шекаралас өңірлерімен сауда-экономикалық байланыстарды дамытудың қажеттілігіне назар аударды.


Сол күні Мемлекет басшысы Мұнайлы ауданына барып, аудан орталығында бой көтерген жаңа мектепті аралап көрді, сондай-ақ мұғалімдермен және оқушылар қауымымен әңгімелесті.


Кенттің тұрғындарымен кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев жаңа мектеп Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын жүзеге асыру аясында салынғанын атап өтті.


Содан кейін Н.Назарбаев Түпқараған ауданындағы Баутино кентіне келіп, теңіз мұнай операцияларын қолдау базасының жұмысымен танысты. Мұнда Президенттің назарына Маңғыстау облысының аумағында жүзеге асырылатын тағы да бірқатар ірі инвестициялық жобалар ұсынылды.


Н.Назарбаев сондай-ақ Каспий теңізінің қазақстандық секторын игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында жүргізілген жұмыстармен танысты. Мемлекет басшысы аталған бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан ірі жобалардағы Қазақстанның үлесін едәуір арттырудың қажеттігіне баса назар аударды.


Содан кейін Президент Тарас Шевченко мемориалдық мұражайында болды.


Елбасы жұмыс сапарының соңында Түпқараған ауданының жаңа емханасын аралап көрді. Аталған медициналық мекеме күніне жүз науқасты қабылдай алады. Емхана тұрғындарға алғашқы медициналық жедел жәрдем және күндізгі стационарлық қызмет көрсетіп, диагностикалық зерттеулер жүргізеді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар