Жаңалықтар

14 қыркүйек 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары жалғасуда.

 

Президент асыл тұқымды мал өсірушілер көрмесінде болып, облыстағы етті мал шаруашылығының экспортты әлеуетін дамытудың бағдарламасымен танысты. Көрмеге ірі қара малдың қазақтың ақ бас тұқымын өсірумен айналысатын 13 асыл тұқымды шаруашылығы қатысқан.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездесу барысында Президент Батыс Қазақстан облысында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және байланыс, экономиканың өзге секторы қарқынды дамып келе жатқанын атап көрсетті. Елеулі мемлекеттік қолдаудың арқасында денсаулық сақтау, білім және әлеуметтік көмек көрсету салалары нығайды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар