Жаңалықтар

10 қазан 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен ел халқына Жолдауға сәйкес Президент тапсырмаларының жүзеге асырылу мәселелері бойынша, сондай-ақ өңірлерге жұмыс сапарларының қорытындылары бойынша кеңес болып өтті.

Талқылауға бірнеше мәселе шығарылды. Атап айтқанда, Президент атқарушы биліктің әкімшілік реформа, «Қазына» және «Самұрық» мемлекеттік холдингтерін қалыптастыру, Ақтау портын одан әрі кеңейту бағдарламасы, ел өңірлерінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құру жөніндегі жұмысын қатал сынға алды. Нұрсұлтан Назарбаев Жолдау жарияланған сәттен бері жарты жылдан астам уақыт өткенін, әйтсе де оны орындау жөніндегі жұмыстың нақты нәтижелері әлі жоқ екенін атап көрсетті. Мемлекет басшысы осыған байланысты бірқатар тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар