Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 қыркүйек 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырау облысына жұмыс сапары аяқталды.

 

Президент Атыраудағы «Шеврон» компаниясының металл пластикалық құбыр шығаратын жаңа зауытында болды. Зауыттың құрылысы 2011 жылғы ақпанда аяқталды. Қуаты – жылына 2000 тонна. Жобаның құны – 15,5 млн. АҚШ доллары. 137 жұмыс орны ашылған. Зауытта «Maintools» неміс компаниясының жабдықтары орнатылған, екі өндірістік желі жұмыс істейді. Келешекте үшінші желіні іске қосу жоспарланған. Кәсіпорында өнімді мықты және ұзақ сақтайтын арнайы қызуға шыдамды қорғаныш пластикадан құбыр шығару қолға алынуда. Құбырдың диаметрі 12-ден 40 мм. дейін ауа қысымы 10 және температура 95 градусқа есептелінген. Қазіргі уақытта диаметрі 110 мм. дейінгі құбыр өндірісін қолға алу мәселесі пысықталуда. Өнім тоттануға шыдамды, агрессиялық ортада орнықты және ыстық сумен жабдықтау үшін орнатылатын металл құбырларына оңтайлы балама болып табылады. Кәсіпорынның жоспары - өндірістік қуатын арттыру және өнім түрлерін ұлғайту.

Сонымен қатар Атырау қаласындағы Бейбарыс алаңында Мемлекет басшысының жұртшылық өкілдерімен кездесуі болып өтіп, онда облыстың еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуге дайындық үдерісі талқыланды және өңірдің даму перспективасы белгіленді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар