Жаңалықтар

13 қазан 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С. Біләловтен жеделхат келді.

Онда солтүстікқазақстандықтар гектарына 15,7 центнер келетін, 6,1 миллион тонна рекордтық көрсеткішке қол жеткізу арқылы астық жинау науқанын аяқтағаны баяндалған.

«Мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізуіміз агроөнеркәсіп кешенін қолдау тұрғысында Сіз жүргізіп отырған мемлекеттік саясаттың арқасында мүмкін болды»,- делінген жеделхатта. 

Биылғы жылы республикамыздың дихандары мол көлемде астық жинады. Астықтың бункерлік салмағы бойынша жалпы түсімі 22 миллионға жуық тоннаны құрады – бұл соңғы 5 жыл ішіндегі екінші рекордтық өнім. 

Мемлекеттің агроөнеркәсіп кешенін қолдауы астықтан мол өнім жинауды қамтамасыз етті.

Әсіресе, 16 миллион тонна астық жинаған Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының диқандары ерекшеленді. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары рекордтық өнім алды. 

«Солтүстікқазақстандықтар Сіздің қамқорлығыңызды жоғары бағалайды, Сізге деген шынайы ризашылықтарын білдіреді. Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экспорттық әлеуетін арттыру туралы Сіздің тапсырмаңызды жүзеге асыруға өз үлестерін қоса беретін болады»,- деп атап өтілген хабарлама мәтінінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар