Жаңалықтар

16 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына мемлекет басшылары, шетелдің саяси және қоғам қайраткерлерінен лауазымына кірісуіне орай құттықтаулар легі жалғасуда.

Қазақстан басшысының атына Сирия Араб Республикасының Президенті Башар Әл-Асадтан жеделхат келіп түсті.

 
- Аса Мәртебелім, денсаулық және бақыт тілеген менің ең ізгі тілектерімді қабыл алыңыз, ал достас Қазақстан халқына одан әрі өрлеу мен гүлдену тілеймін. Біздің халықтарымыздың игілігі жолында елдеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне үміттенемін, - деп атап көрсетіледі құттықтауда.

 
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Малайзия Королі Туанку Сайед Сираджуддиннен сайлаудағы жеңісіне және ұлықтау рәсіміне арналған құттықтау келіп түсті.

 
- Сіздің дана басшылығыңызбен біздің елдер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық өзінің одан арғы даму арнасын таба беретініне сенімдімін, - делінген хатта.

   
Мемлекет басшысының атына Тунис Республикасының Президенті Зейн Әл-Абидин Бен Алиден құттықтау жеделхаты келіп түсті.

 
- Аса Мәртебелім, Тунис халқының, Үкіметінің атынан және жеке өз атымнан Сізді Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына салтанатты жағдайда кірісуіңізбен құттықтауға және Сізге денсаулық пен табыс, ал Қазақстан халқына гүлдене беруіне деген тілектестігімді білдіруге рұқсат етіңіз. Біздің елдеріміздің игілігі жолында өзара тиімді екіжақты ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне үміттенемін, - деп көрсетіледі жолдаухатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар