Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 қаңтар 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасы Президентінің лауазымына ресми кірісуіне орай шетелдердегі мемлекет және саяси қайраткерлерден құттықтаулар одан әрі жалғасуда.

Мемлекет басшысының атына  Франция Президенті Жак Ширактан ұлықтау рәсіміне арнаған құттықтау келіп түсті.  
-Сіз Өз президенттігіңіздің жаңа мерзімін елді одан әрі жаңарту мақсатында саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жалғастыруға арнауды жоспарлап отырғаныңыз белгілі. Осыған орай мен аталған маңызды ниетті соңына дейін жеткізу үшін Францияның Қазақстанмен бірге болуға ықыласты екенін және біздің елдеріміз арасындағы әріптестікті дамытуға дайын екенімізді тағы да бір рет нақтылағым келеді,-делінген жолдаухатта.

 

Мемлекет басшысының атына  Корея Президенті Ро Му Хеннен құттықтау жолдаухаты келіп түсті.  
-Корея Республикасының Үкіметі мен халқының атынан Сізді Қазақстан Республикасы президенті лауазымына ресми кірісуіңізге орай шын жүректен құттықтаймын. Сіздің басшылығыңызбен еліңіз елеулі экономикалық және демократиялық дамуға қол жеткізетініне сенімдімін. Сонымен қатар, өңірдегі жетекші мемлекет ретінде,   Қазақстан Орталық Азиядағы тұрақтылық пен ықпалдастық орталығына айналып, халықаралық мәселелерді шешуде белсенді рөл атқаратынына сенімдімін,-деп атап көрсетіледі жеделхатта.

Мемлекет басшысының атына Германияның бұрынғы канцлері Герхард Шредерден құттықтау келіп түсті.  
- Сіздің жаңа президенттік мерзіміңізге орай менің шын жүректен шыққан құттықтауымды қабыл алыңыз. Сіздің саяси қызметіңіздің арқасында Қазақстан тұрақтылық пен өрлеуге қол жеткізді. Біз алдағы уақытта да сенім мен әріптестікке құрылған ынтымақтастықты жалғастыра беретінімізге үміттенемін,-деп атап өтіледі жолдаухатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар