Жаңалықтар

21 тамыз 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді
big-02EG.jpg

Қостанайда Президент «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының филиалында болып, «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қызметі жайлы көрмені тамашалады.


Содан кейін Мемлекет басшысы «Нұр Отан» ХДП филиалының конференц-залында Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар басшыларымен кеңес өткізді.


Кеңес барысында Елбасы барлық профильдік емес активтердің ӘКК-ға тапсыру жөніндегі тапсырманың толықтай іске асырылмағанын атап өтіп, Үкіметке тиісті тапсырмалар берді.


Кеңес аяқталғаннан кейін Елбасы Қостанайдың орталық алаңына барып, қостанайлықтарды Қала күнімен құттықтады.


Мемлекет басшысы соңғы жылдары облыс орталығында үлкен өзгерістер орын алғанын атап өтті. Қалада субұрқақтар салынып, басқа да сәулет нысандары бой көтерген, сондай-ақ көгалдандыру ісіне айрықша көңіл бөлінген. Қостанайда мерекелік шараларды өткізуге арналған үлкен орталық алаң пайдалануға берілді.


Сондай-ақ Н.Ә.Назарбаев ауа райының қолайсыздығына қарамастан, жақсы егін өсіре алған қостанайлық диқаншылардың еңбегін ерекше атап өтті.


Президент Қазақстанды дамыту жөніндегі ауқымды жоспарларды жүзеге асыруда үнемі қолдау көрсеткендері үшін барлық қостанайлықтарға ризашылығын білдірді.


Сол күні Н.Назарбаев «Заречный» ЖШС-нің егістік алқаптарын аралап көрді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар