Жаңалықтар

21 қыркүйек 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді.

 

Ақтөбеден түскеннен кейін Президент жаңа әуежай ғимаратын аралап көрді.

1933 жылы ашылған Ақтөбе әуежайы еліміздегі ескі әуежайлардың бірі болып саналады. Қолданыстағы әуежай ғимараты 1975 жылы іске қосылған.

Әуежай кешенінің техникалық тозуына байланысты, 2004 жылы оны қайта жөндеу қолға алынған. Әуежайдағы ұшыру және қону жолақтары ұзартылып, жарықтандыру қондырғылары жаңартылған. Сондай-ақ әуежай кешені қайта жаңғыртылылды.

Соның нәтижесінде сағатына жолаушылар өткізілімі 200-ден 500 адамға дейін артқан, ал жүктерді өңдеу тәулігіне 20 тоннадан 60 тоннаға дейін жоғарылаған. Қазіргі кезде Ақтөбе қаласының әуежайы барлық халықаралық стандарттар мен талаптарға сай келеді.

Сол күні Мемлекет басшысы «Нұрсәт» атты жаңа мектепке дейінгі балалар орталығында болды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар