Жаңалықтар

21 қыркүйек 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Жамбыл облысына келді.
big-01Zhambyl

Президент «Жасұлан» ЖШС-нің үйде өсірілетін өсімдіктерімен танысты. Жалпы алаңы 3 гектарды алып жатқан жылыжайда өсімдіктердің бөлмеде өсірілетін әр түрлі тұқымдары өсіріледі. Барлық өсімдіктер Германиядан әкелінеді. 

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ жылыжай кешенін аралап, облыстың фермерлерімен кездесті. 

Одан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысының құрылғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты рәсім өткен «Баласағұн» орталық концерт залына келді. 

Мерекелік іс-шараларға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев 70 жыл – бұл ежелгі өңір тарихының бір бөлігі екенін атап өтті. Облыс шығармашылығы әр түрлі ұлт өкілдерінің есінде жақсы сақталған қазақ халқының талантты ұлы Жамбылдың атымен аталады. 

Бүгінде облыста 80-нен астам ұлт өкілі бейбіт пен келісімде өмір сүріп келеді. 

- Бұл Қазақстан бойынша жағдайды көрсететін, шағын көрініс іспеттес көрнекті жағдай, - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Президент Үкіметке жылдың соңына дейін еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді аяқтау тапсырылғанына назар аударды. 

- Біз экономика құрылымын түбірімен өзгертетін боламыз, қаржылық сектордың тұрақтылығын нығайтамыз, іскерлік климат пен азаматтардың кәсіпкерлік белсенділігін жақсартамыз, әлеуметтік саланы белсенді дамытамыз. Осы жоспарлардың орындалуына жамбылдықтар лайықты үлестерін қосады деп сенемін,- деді Нұрсұлтан Назарбаев


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар