Жаңалықтар

8 ақпан 2012
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жетекші неміс компаниялары басшыларымен іскерлік кешкі асқа қатысты.

Герман бизнесі өкілдерінің алдында сөйлеген сөзінде, Нұрсұлтан Назарбаев осы сапарын серпінді санайтынын айтты. Өйткені осы сапары Қазақстан мен Германия қатынастарын стратегиялық деңгейге шығарады.

- Біздің өзара іс-қимылымыздың деңгейі соңғы уақытта едәуір артты. Соңғы үш жылда барлық неміс инвестициясының 40 пайызы Қазақстанға тартылды.

ГФР-ның Орталық Азияның 8 елімен және Кавказбен барлық тауар айналымының 63 пайызы Қазақстанға тиесілі.

Федеральдық Канцлердің 2010 жылғы маусымдағы Қазақстанға сапары аясында серіктестікті дамыту үшін маңызды саналатын, сомасы 2 миллиард 300 миллион еуродан астам екіжақты келісімге қол қойылды.

Бүгінде Қазақстан рыногында әлемге белгілі неміс компаниялары табысты жұмыс істейді. Олардың қатарында «Сименс», «Кнауф», «ТиссенКрупп», «Бош», «Линдэ», «МЕТРО», Дойче Банк қаржы институты, ДЕГ және басқалар бар.

Және біз өз келісімдеріміздің алғашқы нәтижелері туралы ацта аламыз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

-Бүгін біз шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы Келісімге, энергиямен қамту, энергия тіимділігін арттыру және жаңартылған энергия көздері жөніндегі меморандумға қол қойдық.

Біз алғаш рет екі ел үшін тиімділігі мен пайдасы бірдей соншама кең ауқымда келісімдер жасастық, - деді Президент.

- Мен осы келісімдердің нәтижесінде Қазақстандағы неміс қаржылық, технологиялық және интеллектуальдық инвестицияның айтарлықтай ұлғаятынына сенемін. Осы мақсатта біз неміс компанияларына біздің табиғи ресурстарымызға мүмкіндіктер береміз, - деп атап көрсетті Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, бүгін сондай-ақ сомасы 4 миллиардқа жуық еуроны құрайтын елуге жуық коммерциялық құжатқа қол қойылды.

Нұрсұлтан Назарбаев соңғы жылдары Германия Канцлері А.Меркельмен келісімдерінің арқасында екі елдің сауда-экономикалық қатынастарының екпіні мұнайгаз саласына жоғары технология саласындағы жобалардың пайдасына ауысқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Германияның бизнес қоғамдастығына Қазақстанда жаңа индустрияландыру бағдарламасы аясында іске асырылып жатқан жаңа ауқымды жобалар туралы айтты.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев неміс кәсіпкерлерін Қазақстан рыногын тұрақты түрде дамытуға өз үлестерін қосуға шақырды.

- Менің осы сапарым барысында сомасы біршене миллиард еуродан астам елуге жуық коммерциялық келісім-шарт пакетіне қол қойылды. Және ол тек басы ғана. Бұл біздің елдеріміз арасында бар ынтымақтастық әлеуетінің нақты көрінісі, - деді Қазақстан Президенті.

- Біз қазір Қазақстанда үш неміс паркін, Павлодар, Атырау және Қарағандыда еркін экономикалық аймақ құру туралы келіссөздер жүрігізіп жатырмыз және оларды неміс компанияларының басқаруына беруге дайынбыз. Ол компаниялар үшін кедендік салықтан босату, жер беру, коммуникация тарту сияқты ерекше артықшылықтар жасалады.

Жалпы алғанда, біз герман инвесторларына біздің экономиканың басым салаларында іске асырылатын жобаларды, инвестициялық қолдаудың толық спектрін ұсынуға дайынбыз. ГФР-сы өзінің қуатты экономикалық әлеуетімен осы жаңа өзара тиімді мүмкіндіктерді пайдалана алады деп сенемін.

Ұлы Шопенгауэр: «Адам жеке дара жалғыз қалған Робинзон тәрізді әлсіз, өзгелермен бірлескенде ғана ол көп нәрсені іске асыра алады» деген.

Сондықтан біз неміс бизнесін Қазақстанды дамытуға барынша белсенді қатысуға шақырамыз, - деп атап өтті өз сөзінде Мемлекет басшысы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар