Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

15 қыркүйек 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Въетнам Социалистік Республикасының Премьер-Министрі Нгуен Тан Зунгті қабылдады.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективасы талқыланды, оны одан әрі дамыту үшін қажетті келіссөздерді-құқықтық базаны құрудың маңыздылығы атап өтілді.

Дүниежүзілік банк пен ХВҚ бағалауынша, Въетнам соңғы бірнеше жыл бойына әлем елдерінің экономикасы анағұрлым үдемелі дамыған бірінші ондығына енген және 2009 жылы жағымды экономикалық өсуі сақталып отыр. 

Осыған байланысты Қазақстан Оңтүстік-Шығыс Азиядағы көшбасшылардың бірі болып табылатын Въетнаммен көптарапты байланысты нығайтуға едәуір мән береді. 

2008 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Въетнам арасындағы тауар айналымы 96,1 миллион долларды құрады, 2009 жылы қаңтар-шілдеде аталған көрсеткіш 60 миллион долларға жетті. Кездесу барысында Қазақстан-Въетнам сауда-экономикалық өзара іс-қимыл деңгейі әзірге екі елдің қолда бар мүмкіндіктеріне сәйкес келмейтіні атап өтілді. 

Президент екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға ресми делегация құрамында Қазақстанға келген үлкен топ, въетнамдық іскерлік құрылым өкілдері маңызды үлес қосатынын атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар