Жаңалықтар

27 сәуір 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банк, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің және Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2009 жылғы есептеріне арналған кеңес өткізді.

 

Кеңесте Ұлттық Банктің Төрағасы Г.А.Марченконың, Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің төрайымы Е.Л.Бахмутованың, «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Қ.Н.Келімбетовтің, Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Ә.К.Арыстановтың баяндамалары тыңдалды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, өткен жылы қыруар жұмыс көлемі атқарылды. Бүгінде дағдарысқа қарсы бағдарламаның аясында экономиканың басым секторларын қолдауға арналған Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың басым көпшілігі игерілді. Қаржылық жүйе тұрақтанды.

- Біз инфляция және жұмыссыздық деңгейін төмендетуді қамтамасыз ете алдық. Ең бастысы, нақты түрде экономикамыздың өсімін сақтадық, - деп атап өтті еліміздің Президенті.  

Есеп тыңдаудың қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы монетарлық және қаржылық органдардың өткен жылғы жұмысының нәтижесін оң бағалады және еліміздің қаржылық секторын одан әрі дамыту және қаржылық-кредиттік саясатты іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Банктік сектордағы жағымды фактор ретінде депозиттік базаның артуы, соның ішінде тұрғындардың депозиттерінің 28,5 пайызға артуы атап өтілді. Банктік сектордағы сыртқы қарыздың төмендеуі «Самұрық Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қатысуымен банктік міндеттемелерді қайта құрылымдаудың оң нәтижесінде мүмкін болды.

Мемлекет басшысы дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржылық секторды дамыту Тұжырымдамасын қабылдауды жүйелі негізде жүргізуге арналған бақылауды қатайтты. Алдағы кездегі қаржылық сілкіністерге дайындық жасау және бұрынғы реттеулердің озық және жаңа жүйесін орнықтыру, сондай-ақ макро және микропруденциалдық реттеуді, соның ішінде институционалдық реттеуді күшейту қажеттігі атап өтілді. 

Сондай-ақ Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейін табысты дамуы және индустриализациялаудың бес жылдық жоспарының іске асырылуы еліміздің қажетті қаржылық ресурстарын жаңғыртуға және олардың экономикада ұтымды пайдалануға байланысты болатыны қадап айтылды.

Жаңа бизнес ортаны қалыптастыру жағдайы жоғары деңгейдегі өндірісті дамытумен сипатталады, қор рыногының дамуы және қаржылық ресурстарды тартудың өзге баламалы тетіктері маңызды мәнге ие болады.

Қаржылық жүйе және реттеуші органдар, өз тараптарынан, экономиканы жедел әртараптандыруға қол ұщын берулері тиіс. Бұл қаржылық органдар мен Үкімет үшін алдағы кезеңге арналған негізгі міндет болып табылады.

Жалпы, 2010 жылы еліміз табысты дамуда. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша еліміздің жалпы ішкі өнімі 6,6 пайызға артты, өнеркәсіп пен сауда, тиісінше, 11,5 және 10,5 пайызға өсті. Осы ретте, экспорт биылғы жылдың алғашқы екі айында, 2009 жылдың аталған кезеңімен салыстырғанда, 60 пайызға артып отыр.         

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар