Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 маусым 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев түске дейін «Шығыс інжу-маржаны» теле мұнарасында орналасқан Шанхай қаласының тарихи мұражайында болды.

Теле мұнара биіктігі жөнінен дүниежүзінде үшінші орынды иеленеді (460 метр) және мұнда хабар таратушы телеорталық, туристік нысандар және тарихи мұражай орналасқан. Мұражай экспонаттарында қаланың іргесі қаланған кезден қазіргі уақытқа дейінгі тарихы ұсынылған.

Қазақстан Президенті сондай-ақ «Қала, адам, айнала орта, даму» тақырыбына негізделген қала құрылысы мұражайының экспозицияларымен танысты. Мұражай Шанхай дамуының бас жоспары және қала құрылысы саласындағы жетістіктер жөнінде жан-жақты мағлұмат береді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар